Әлем • 10 Қазан, 2018

Түркияда кеме апатынан 4 адам қаза тауып, 30-ы жоғалған

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Измир қаласында 35 жолаушысы бар кеме суға батты, деп хабарлайды Түркияның Cumhuriyet газеті.

Түркияда кеме апатынан 4 адам қаза тауып, 30-ы жоғалған

Кеше сағат 23:54 шамасында Измир қаласының Карабурун аудандық полиция бөлімшесіне апатқа ұшыраған кеме жолаушысы келген.  Құтқарушы киімін киген әйелдің айтуынша, кеме 8-дер шамасында жолға шыққан. Көп ұзамай кеме суға батып, 4 адам қаза табады, қалған 30 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Келіп түскен мәлімет бойынша кемеде 35 жолаушы болған.

Олардың көбі Ираннан Түркияға қоныс аударушылар. Құрлық қауіпсіздігі басқармасының тарапынан іздеу жұмыстары үшін 2 қайық, 1 ұшақ, 1 тікұшақ бөлінген.