Қазақстан • 10 Қазан, 2018

Түркістанда Еуразиядағы көші-қонға арналған халықаралық симпозиум басталды

58 реткөрсетілді

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Еуразиядағы көші-қон халықаралық симпозиумының» ашылуы өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркі елдеріне ортақ әдебиет пен мәдениетті қайта жаңғырту, рухани дүниелерді ұрпақ жадында қалдыруға ықпал жасау мақсатымен өткізіліп отырған шара Ыстанбұл Мәдениет университетімен бірлесе ұйымдастырылған.

Түркістан облысының басшысы Жансейіт Түймебаев алғашқы болып сөз алып, қатысушыларды симпозиумның басталуымен құттықтады. «Бүгінгі симпозиумның рөлі ерекше. Өйткені, бұл Түркістан облысы құрылып, жаңа облыс орталығы Түркістан қаласы болып бекітілген тұста ұйымдастырылып отырған Халықаралық симпозиум. Түркістан - түркі әлемінің рухани орталығы. Мұнда елдің тағдырына қатысты келелі мәселелер шешілген. Бүгінгі жиыннан да күтеріміз мол», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор Муса Йылдыз, Ыстанбұл Мәдениет университетінің ректоры, профессор Ихсан Караман, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті, профессор Болатбек Әбдірәсілов, оқу орнының I вице-президенті Женгиз Томар симпозиумның мән-маңызына кеңірек тоқталды. Сондай-ақ басқосуға Түркия, Қырғызстан, Босния, Әзербайжан елдерінен ғалымдар қатысты.

Халықаралық жиын 11 тақырыптық бағыт бойынша өтеді. Атап айтқанда, әдебиет, БАҚ және мәдени зерттеу, білім, экономика, құқық, мемлекеттік басқару, қоғамдық саясат, саясаттану, әлеуметтану, тарих, халықаралық қатынастар сынды салалар қамтылмақ. Симпозиум 13 қазанға дейін жалғасады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бірге барайық: Тегін тігін курсы

Қазақстан • Бүгін, 16:11

Ораза кестесі 2019

Қазақстан • Бүгін, 15:10

Жайбарақаттық жарға жықты

Қоғам • Бүгін, 10:34

Екі тал үкі

Бүгін, 10:26

Жастар театрының сәтті сапары

Руханият • Бүгін, 10:20

Áke kerek... uldarǵa

Қоғам • Бүгін, 10:10

Ұқсас жаңалықтар