Аймақтар • 10 Қазан, 2018

Астана мен Қазақстан митрополиті саяси қуғын-сүргін құрбандарына белгі орнатуды ұсынды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Жақында Қостанайға келген Астана мен Қазақстан митрополиті Александр саяси қуғын-сүргін кезінде Қостанай қаласында жаппай атылған адамдар сүйегі қалған орынға белгі орнатуды ұсынды.

Астана мен Қазақстан митрополиті саяси қуғын-сүргін құрбандарына белгі орнатуды ұсынды

«Кеңес өкіметі жылдарының күнәсіз адамдар зардап шеккен, қырылған тарих беттері болды. Олардың арасында саяси тұлғалармен қатар, қарапайым еңбек адамдары болды. Сонымен қатар дін қызметкерлері, діндарлар да жазықсыз жапа шекті. Қостанай жерінде де осындай жазықсыз құрбандардың сүйегі жатқан бірнеше орын бар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» туралы Жарлық шығарды. Тарихи әділетсіздіктер осылай қалпына келтірілді. Біздің білуімізше, құрбандар жерленген жерлерде 4 мыңнан аса атылған жандардың сүйегі жатыр. Өз елінің, жерінің тарихын ұмытпау – әр адамның парызы болуы тиіс. Әсіресе, мұндай ауыр тарихты ұмытуға болмайды» - деді метрополит Александр.

Митрополит Қостанай қаласының орталығындағы саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болған адамдар жерленген Нариманов қорымында болды. Онда құрбандарға арналған белгі орнатуды ұсынды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай