Әлем • 10 Қазан, 2018

Анкара Джамаль Хашоггидің жоғалуына байланысты айғақ талап етті

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазанның екісі жоғалғаны хабарланған араб журналисі Джамаль Хашогги туралы әлі де хабар жоқ, деп хабарлайды Euronews. 

Анкара Джамаль Хашоггидің жоғалуына байланысты айғақ талап етті

Эр-Рияд журналистің Ыстамбұл қаласындағы Сауд Арабиясының консулдығында жоғалғаны туралы ақпаратты жалған деп тануда. Анкара өз кезегінде Эр-Риядқа қысымын күшейтуде.

«Сауд Арабиясы Хашоггидің Ыстамбұлдағы бас консулдықтан кеткенін дәлелдеуі керек. Консулдық өкілдері журналистің ғимараттан шығып кеткені туралы жай хабарламамен құтыла алмайды. Өкілетті билік мұны дәлелдеуі керек. Егер кеткен жағдайда, камера жазбасы сияқты айғақ керек», деді Түркия президенті Ердоған Будапештегі конференция барысында.

Бұл оқиғаға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп өз пікірін білдірді.

«Бұл жағдай мені де уайымдатты. Тез арада шешімін табады деп сенемін. Дәл қазір ешкім нақты ештеңе білмейді. Маған бұл ұнамайды», деді Трамп.

Джамаль Хашогги Эр-Риядтағы қазіргі саясат туралы сыни пікірлерімен танымал. 2017 жылы Отанынан Америкаға қоныс аударған, «Вашингтон Пост» газетіне тұрақты жазып тұрған.

Соңғы жаңалықтар