2011 жылғы 26 желтоқсан Астана қаласы «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабы 1-1-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдерінде: 4-тармағында: 1) тармақша келесі мазмұнда жазылсын: «1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық телефондық трафикті, IP-телефония операторларының телефондық трафикті – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);»; 2) тармақша келесі мазмұнда жазылсын: «2) халықаралық телефондық трафикті – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);»; 5-тармағында: 1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары келесі мазмұнда жазылсын: «байланыс операторларының телекоммуникация желі ішінде – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд); басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);»; 2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары келесі мазмұнда жазылсын: «таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд); басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);»; 4) тармақша келесі мазмұнда жазылсын: «4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс – 30 секунд (2013 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд).». 2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 28 желтоқсанда Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7357 болып енгізілді.
• 31 Желтоқсан, 2011
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы №413
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 18:37
Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:25
«Ауыл» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:17
Елордада тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Бибісара Асаубаева Кипрде өтетін Үміткерлер турнирінде бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 17:52
Енді міндет емес, құқық: Жаңа Конституция жобасында Құрылтайға қатысты норма нақтыланды
Ата заң • Бүгін, 17:36
Қарулы күштерде 150 әскери қызметші-парамедик даярланады
Әскер • Бүгін, 17:32
Қырғызстан президенті Камчыбек Ташиевті қызметінен босатты
Әлем • Бүгін, 17:22
Олимпиада-2026: Шорт-трекшілер жарыс жолынан шығып қалды
Қысқы спорт • Бүгін, 17:15
Талғардағы тосын жағдай: 150 текше метр топырақ үйлерді басып қала жаздады
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері нақты жазылады
Ата заң • Бүгін, 16:51
«Сот шешімімен ғана»: Тұрғын үй құқығына кепілдікті конституциялық деңгейде күшейту ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:36
Ел азаматтарының құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі қандай?
Қоғам • Бүгін, 16:32