Оқиға • Бүгін, 18:37

Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

фото: HALYQSTAN в Telegram

Апат Ақтөбе – Орск тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Opel маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр, болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептері анықталды», делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу басталды.

Айта кетейік, 6 ақпанда Астанада қалың қар мен көктайғақ салдарынан 45 жол-көлік оқиғасы тіркелген еді. 

Соңғы жаңалықтар