31 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №342

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 21 мамыр                           Астана қаласы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі №467 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  бұйырамын: 1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі №467 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2564 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., №43-48, 902-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде: көрсетілген Ережеге 1- қосымшада: мемлекеттік тілдегі мәтінде: 1 - бөлімде 1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Машинаның атауы және маркасы Наименование и марка машины» ____________________________________________________________________; орыс тіліндегі мәтінде 4-тармақтағы «Зауыттық машинаның нөмірі» деген сөздер «Машинаның зауыттық нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінде 4 - бөлімде, 2 - бағандағы «жөндеуге жауапты» деген сөздер «жөндеудің түрі» сөздермен ауыстырылсын. 2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Министрдің м.а.  Е.АМАН. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6256 болып енгізілді.