31 Желтоқсан, 2011

Үгіт шараларын үдете түсті

319 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Патриоттар партиясының Алма­ты қалалық комитетінің бірінші хат­шы­сы Гүлдана Нұрпейісова және өзге де белсенді мүшелері кеше қала­лық жол полициясы бөліміне арнайы бас сұқты. Онда жол полициясының жұмысы мен олардың мәртебесі және жол қауіпсіздігі сияқты мәселе­лер кеңінен сөз болды. Соның ішінде жол полициясы қызметкерлерінің әлеу­меттік пакеттерін енгізу қажет­тігі, жалақыларының жоғары болуы және зейнетақымен қамтамасыз етудің жетілдірілуі қажеттігі де назардан тыс қалған жоқ.

Осы орайда партия тарапынан қалалық жол полициясы ғима­ра­тын­да осы сала қызметкерлері алдында арнайы жаңажылдық концерт ұй­ымдастырылғандығын да айта кету керек. Сонымен қатар, партия белсенділері көше-көше бойымен жүріп өтіп, қала тұрғындарымен жүздесті. Бұдан басқа патриоттар қалалық жедел жәрдем стансасына барып, мұн­да да концерт ұйымдастырды. Арты­нан медицина қызметкерлерінің ба­сын­дағы жағдай әңгіме өзегіне ай­нал­ды. Дәрігерлердің жалақысын кө­теру, қазіргі заманға сай құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз ету мәсе­ле­ле­рі көтерілді. Жол полициясы мен жедел жәрдем қызметкерлері де жаңа жылда жұмыс орындарында бола­тын­дығы белгілі. Күндіз-түні тыным таппайтын осы сала қызметкер­ле­рінің жағдайы жан-жақты жасалуы керек, соның ішінде жалақыларын кө­теру керек, деп есептейді патри­от­тықтар.

Сондай-ақ патриоттық белсенділер Алматыдағы Мәңгі алауға барып гүл шоқтарын қойып, Ауған және Ұлы Отан соғысының шейіт болған ардагерлеріне тағзым етті. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақстандық Панфилов дивизиясы Мәскеу түбінде не­міс­тердің шабуылына тойтарыс бергені тарихтан белгілі. Партия сол ерлік ешқашан ұмытылмайтындығын осылайша білдірді. Сонымен бірге, патриоттықтар Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлерінің қазіргі жағдайын айта келіп, оларға үнемі көңіл аударылуы қажеттігін ортаға салды.

Осы ретте партия аула, шағын аудан, көшелерде де кездесулер өткізіп, қарапайым қала тұрғындарымен жүз­десіп, насихат жұмыстарын жүргізіп келе жатқанын айта кеткен жөн.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.