Үкімет • 16 Қазан, 2018

Б. Сағынтаев «Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды

127 реткөрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру барысын қарастыру қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының әрбір бастамасы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Халықтың тұрмыс сапасы мен деңгейін арттыру – жалпыұлттық басымдық.

Бірінші бастама бойынша Премьер-Министр «7-20-25» бағдарламасын іске асырудың және оны жүзеге асырудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Б. Сағынтаев Үкімет мүшелерінің назарын жұмысты жандандыру қажеттігіне аударды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй салу үшін барлық мүмкіндіктер бар, қаржыландыру мәселесі шешілген. Кейбір өңірлерде бұл бастама жоғары деңгейде іске асырылып жатыр, алайда, жұмыстардың төмен қарқынмен жүргізіліп жатқаны да байқалып отыр. Бұл құрылыс қарқынының сұранысқа байланысты екендігімен түсіндіріледі. Осыған байланысты, облыс әкімдіктеріне құрылыс компанияларымен және банктермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Екінші бастама бойынша барлық дайындық жұмыстары жүргізілгені атап өтілді. Төмен жалақы алатын жұмыскерлердің еңбекақысын арттыру үшін салық жүктемесін төмендету бойынша қолданыстағы заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілді. Бұл жұмыстар 2019 ж. 1 қаңтарынан басталады.

Үшінші бастаманы іске асыру аясында, Б. Сағынтаев Білім және ғылым министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп студент жастарды жатақханалармен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Қаржы министрлігі жатақханалар құрылысын қаржыландыруды біртіндеп арттыруы тиіс.

Төртінші бастаманы іске асыру бойынша Премьер-Министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыс әкімдіктерімен және «Атамекен» ҰКП бірлесіп бір ай ішінде кәсіпкерлердің шағын несие алулары үшін туындап отырған барлық мәселелерді шешуді тапсырды.

Ел халқы газдың жүргізілуін күтіп отыр. Осыған орай, бесінші бастаманы іске асыру аясында “Сарыарқа” газ құбырының ққрылысы белгіленген мерзімде басталып, уақытылы аяқталуы керек.

«Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысына әр апта сайын мониторинг жүргізілетін болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:33

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:26

Күлкі керуені № 2

Руханият • Бүгін, 10:27

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Руханият • Бүгін, 09:48

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

Руханият • Бүгін, 09:11

Қазақ дастарқанынан дәм татты

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ұқсас жаңалықтар