Қазақстан • 16 Қазан, 2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

239 реткөрсетілді

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Ә. Смайылов пен ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов жекешелендіруді жүргізу барысы туралы баяндады.

Қаржы министрі Әлихан Смайылов Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау барысы, жекешелендіру процесін жылдамдату бойынша қабылданған шаралар мен оның қазіргі жағдайы туралы баяндады. Қазіргі уақытта Жекешелендірудің кешенді жоспарының 887 нысанының 524-і сауда-саттыққа шығарылып, олардың 444-і сатылды. 287 нысан қайта ұйымдастырылу және таратылу сатысында. 12 нысанды жекешелендіру тізбесінен алып тастау туралы ҚР Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі қабылданды.

«Қайта ұйымдастырылатын және таратылатын нысандарды қоса есептегенде, Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы бүгінде 83,7% құрайды», — деді Ә. Смайылов.

Биыл 257 нысанды сауда-саттыққа шығару жоспарланған. Іс жүзінде 137-сі шығарылды және 47 нысан бойынша қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданды. Бұдан өзге, автокөлік жолдары саласындағы 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестік (Қазақавтожол) бойынша бірыңғай лотпен жекешелендіру туралы ұсыныс енгізіліп, оларды бір серіктестікке қайта құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сауда-саттыққа шығарылған нысандардың ішінен осы жылы 63-і сатылды. Сату бағасы 74 млрд теңгені құрады.

Өз кезегінде, жалпы жекешелендіруге жататын 63 топ нысанның бүгінгі күнге дейін 17-сі сатылды. Сату бағасы 125 млрд теңгені құрады. Биыл 39 топ нысан сатуға жоспарланып отыр. Олардың 16-сы сауда-саттыққа шығарылды және екеуі Мемлекеттік комиссия шешімінің негізінде тізімнен алынып тастауға жатады. Сауда-саттыққа шығарылған топ нысандардың осы жылы төртеуі сатылды. Қалған нысандар бойынша сату алдындағы дайындық және әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізілуде.

Жекешелендіру процесін жеделдету бойынша қабылданған іс-шаралар туралы баяндай отырып, қаржы министрі ҚР Үкіметінің 17 шілдедегі отырысының қорытындысы бойынша бір ай мерзімде сату мерзімдерін ағымдағы жылдың соңынан қыркүйек–қазан айларына ауыстыра отырып, жекешелендірудің жол карталарын қайта қарауға, сондай-ақ жоспарланған нысандарды осы жылдың соңына дейін толық сатуды қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Мониторинг деректеріне сәйкес тамыз айының басында сауда-саттыққа шығару мерзімдері 2018 жылдың соңына жоспарланған коммуналдық меншіктегі, ұлттық холдингтер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 33 нысаны болды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде сатушылар 31 нысан бойынша сауда-саттыққа шығару мерзімдерін түзетіп (осы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей), таратылуға жататын нысандар бойынша іс-шараларды жеделдетті.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Кешенді жоспарға жүргізген түгендеулерінің нәтижесінде оны тағы да 48 жекешелендіру нысанымен толықтыру көзделген. Бұл республикалық, коммуналдық және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың меншігіндегі нысандар», — деп Ә. Смайылов, қабылданған жағдайда нысандар жылдың аяғына қарай сатуға шығарылып, 2019 жылдың қаңтар–ақпан айларында сатылуы болжамдалғанын айтты.

Қорытындылай келе, қаржы министрі жекешелендіру процесінің жалпы тұрақты қарқынмен жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы жылдың соңына дейін сауда-саттыққа шығарылатын 54 нысан қалды, оның ішінде республикалық меншіктегі 12 нысан, коммуналдық меншіктегі 12 нысан және ұлттық холдингтер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 30 активі.

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, өз кезегінде, үш сауда-саттықтың нәтижелері бойынша сатылмаған нысандар таратылуға жататынын атап өтті. Алайда, бүгінгі таңда тарату туралы шешімі жоқ нысандар бар. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар биыл жекешелендіруді аяқтау не тарату жөніндегі жұмысты жандандыруы керек.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, квазимемлекеттік сектор нысандарын түгендеу толық жүргізілді, оған сәйкес 621 ұйымды қысқарту ұсынылған.

Жекешелендіруге ұсынылған 172 нысанның 48-і Жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізіледі. Аталған нысандарды 2019 жылғы І жарты жылдықтың соңына дейін сатуды ұсынылады. Қалған 124 нысан бәсекелес ортаға ішкі корпоративтік рәсімдер шеңберінде шығарылатын болады. 

Бұдан өзге, Т. Сүлейменов жекешелендіру тұрғысынан заңнаманы жетілдіруге қатысты шаралар жайында айтып берді. Мәселен, Мемлекет басшысының мемлекеттік нысандарды нарықтық құннан төмендетпей сатуға қатысты тапсырмасын орындау аясында Азаматтық кодекске және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға түзетулер әзірленді, онда алғашқы сауда-саттықтың бастапқы қатысушысына жекешелендіру нысандарын бастапқы бағасынан төмендетпей сатуға құқығы қарастырылған.

Бұдан өзге, үш сауда-саттық нәтижесі бойынша сатылмаған әлеуметтік маңы бар нысандарды сақтап қалу мүмкіндігін белгілеу мақсатында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға (активтердің тиесілілігіне байланысты) монополияға қарсы органмен келісе отырып, өткізілген үш аукционның қорытындысы бойынша сатылмаған мемлекеттік ұйымды сақтау қажеттілігі туралы шешім қабылдау құзыретін беру ұсынылады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша, Премьер-Министр Б. Сағынтаев жалпы нысандардың сатылымы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Дегенмен, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен холдингтер кейбір нысандарды жекешелендіру мерзімдеріне назар аударып, олардың сатылымға шығарылуын жетелдетуі керек. Сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес, жекешелендіру мемлекет үшін барынша тиімді болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар