Қазақстан • 16 Қазан, 2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

230 реткөрсетілді

Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова, Ерболат Мұқаев және Нариман Төреғалиев Елбасы Жолдауын өңір тұрғындарымен талқылау мақсатымен Батыс Қазақстан облысында жүр.

Сенаторларды Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов қабылдап, Мем­лекет басшысының биылғы Жолдауында қойылған жаңа міндеттерді өңірде қалай жүзеге асыру жәйі талқыланды.

- Елбасының Жолдауы өңіріміздің дамуына тың серпін береді. Облыста негізгі проблемалар – таза ауыз су, жол, газбен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстарды Жолдауға сәйкес алдағы жылдары да қарқынды атқаратын боламыз, – деді Алтай Көлгінов.

Сол күні сенаторлар Орал қаласындағы бірқатар нысанды аралап, апатты үйлердің орнына мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты. Апатты үйдің бірі – Гагарин көшесіндегі 12 пәтерлік екі қабатты көне ғимарат еді. Бүгінде ол жерде тоғыз қабатты 126 пәтерлік үй салынып жатыр. Ескі үйдің тұрғындары жаңа үйге көшіріліп, қалған пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін болады.

Құрылыстың жай-жапсарымен танысқан Бірғаным Әйтімова тұрғын үйдегі коммуналдық шаруашылық жұмыстарын жүргізудегі мәселелер қалай шешілетінін сұрады. Сауалға жауап берген қала әкімі Мұрат Мұқаев бұл үйге тұрғындар мен пәтер иелері кооперативінің өзара байланысын жақсартып, ПИК-тер жұмысының ашықтығын қамтамасыз еуге бағытталған «е-ПИК» жүйесі енгізілетінін айтты.

Сенаторлар Құрманғазы көшесіндегі №198 көп қабатты тұрғын үй құрылысымен де танысты. Бұл да апатты үй орнына салынып жатқан ғимарат. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы салынып жатқан бұл үйдің пәтерлері бұрын осы жердегі сүрілген қос үйдің 16 пәтер тұрғындары мен «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға берілмек.

– Ел аралап шыққан біз Елбасы Жолдауын түсіндіріп қана қоймай, әр аймақтағы түрлі мәселелерді тыңдап, заң талаптарының орындалуын қараймыз. Елбасы биылғы Жолдауында халықты сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамту жөнінде баса айтқан болатын. Таяу жылдары екі миллионға жуық қазақстандық баспаналы болады. Әрине, екі миллион үлкен көрсеткіш. Бірақ бізде демографиялық көрсеткіш жақсы. Тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі ел Үкіметі мен әкімдіктердің күн тәртібінен ұзақ жыл бойы түспейді деп ойлаймын. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «7-20-25» бағдарламасы оңтайлы пайдаланылып отырғанын көрдік. Әр аймақта болып жүрсек те, Оралдағыдай дұрыс шешімді бірінші рет көріп тұрмын. Ескі үйдің орнына қаланың ортасында әрі жаңа баспанада тұру өте ыңғайлы. Бұл апатты және ескі үйлердің мәселелерін шешу үшін еліміз бойынша бөлісуге тұратын жақсы тәжірибе деп білемін. Сенат депутаттары Батыс Қазақстанда осындай жұмыстар бар екенін айтып жүретін боламыз, – деді Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова.

Бұдан кейін сенаторлар Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің педагогикалық ұжымымен кездесті. Бүгін Қазталов ауданына сапар шегіп, Ақпәтер ауылы аумағындағы Киров-Шежін су арнасы, Жалпақтал ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысады. Сондай-ақ мектеп, аурухана, балабақша ұжымдарымен кездесу жоспарланған.

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген А.Куприенко

Батыс Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар