Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

Егемен Қазақстан
16.10.2018 9670

Елбасының отбасылық мал бордақылау алаңдарының санын арттыру жөніндегі тапсырмасы Шығыс Қазақстанда жүйелі түрде орындалып жатыр деуге болады. Бүгінде өңірдің бір ғана Тарбағатай ауданында мыңға жуық отбасы мал бордақылаумен шұғылданып отыр.

Ежелден мал шаруашылығы өркен жайған Тарбағатай ауданында мал бордақылауды кәсіп еткен тұрғындар мен шаруа қожалықтарының саны жылдан жылға көбейіп келеді. Сәтпаев ауылындағы «Ықыбай» шаруа қожалығы жақында 4 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр. Бордақылау алаңының құрылысы биыл мамыр айының аяғында басталыпты. Бұған дейін осы жерде 500 бас ірі қараны семірткен шаруа қожалығы қыстамаға 8 мың рулон шөп әзірлеп, 160 гектарға жүгері егіпті. Сүрлемді сақтау үшін жан-жағы қоршалған, ұзындығы 120, биіктігі 3, ені 6 метрлік екі шұңқыр қазыпты. Біз барғанда жігіттер шұңқырдағы жүгеріге күрекпен тұз лақтырып жатты. «Салат дайындап жатырмыз» деп қалжыңдады олардың бірі.

Бір ауылда 28 бордақылау алаңы бар

«Ықыбай» шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу үшін былтыр мемлекеттен 300 миллион теңге несие алыпты. Қожалықтың іс басқарушысы Мерғали Рахымбаев жаңадан салынып жатқан бордақылау алаңының жалпы көлемі 6 гектар екендігін, 360 басқа арналған екі қоражай мен 6 ашық бордақылау алаңы тұрғызылғанын айтты. Ашық бордақылау алаңдарында ірі қараны қақаған қыста да семірте беретін көрінеді. Мұны «канадалық суық әдіс» деп атайды екен. Бордақыдағы малдар алаңның ішінде бос жүреді. Оларға жем-шөп тракторлардың көмегімен салынады. «Бордақылау алаңы қазан айының соңына қарай жұмысын бастайды. Мұнда тек бұқаларды ғана жемдейміз. 700 бұзау өзімізде бар. Қалғанын осы ауылдан, ауданның басқа елді мекендерінен сатып аламыз. Ірі қараны бес ай бордақылаймыз. Бес айда әжептәуір салмақ қосады. 100 мыңға алсаң, 160-170 мың болады. Қазір мұнда 22 адам жұмыс істеп жүр, бордақылау алаңы іске қосылғаннан кейін жұмысшылар саны 40-қа жетеді деп отырмыз», - дейді Мерғали Рахымбаев.

Сәтбаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Алмас Ерзатовтың айтуынша, бүгінде елді мекенде 5 мың ірі қара, 2790 жылқы, 7980 қой-ешкі бар. Ал ауылда 484 басқа арналған (20 орындықтан 50-ге дейін) 28 бордақылау алаңы жұмыс істейді екен. «Бұрын ауылымызда мал бордақылайтын тұрғындар саны аз болатын. Соңғы 5 жылда ірі қараны жемдеушілер қатары көбейді. «Ықыбай» шаруа қожалығы салып жатқан 4 мың орындық бордақылау алаңы Тарбағатай ауданындағы ең алғашқы үлкен бордақылау алаңы болуы керек. Мұндай бордақылау алаңдары облысымызда да көп емес. Енді олар аудандағы шағын шаруа қожалықтарымен келісімшартқа отырып, семіртілген малдарын қабылдайды. Тұрғындар малдарын өткізгені үшін мемлекеттен субсидия алады», - дейді А.Ерзатов.

1 миллиард, 500 миллион теңге несие алды

Отбасылық бордақылау алаңдары аудан орталығы – Ақсуат ауылында да көбейіп келеді. Ақсуаттың тұрғыны Қуат Аринов 2016 жылы 60 басқа арналған бордақылау алаңын ашыпты. Былтыр оны 80 орынға кеңейтсе, биыл 100 бас ірі-қараны жемдеуді жоспарлап отыр. «Өзім қазан айынан сәуірге дейін бордақыға қоямын. Екі жұмысшы ұстаймын. Бордақыға жұрттан сатып алып та, өзіміздің малдың бұзау, тайыншасын да қоямыз. Қыс бойы жемделген малды көктемде сатамыз. Көктемде жемдеп сатсаң малың етті, салмақты, бағасы да жақсы болады. Жемделген мал күніне 1 келіден салмақ қосады. Қазір ауылымызда отбасылық бордақылау алаңдары көбейді. Қарапайым халық жемдеп сатудың пайдасын түсінген секілді», - деген Қуат Аринов осыдан екі жыл бұрын «Құлан» бағдарламасы арқылы жылқы алғанын, енді лизингке техника алуды жоспарлап отырғанын, соған құжаттарын жинап қойғанын жеткізді.

Мал шаруашылығына машықтанған Тарбағатай ауданының шаруалары биыл әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы 1 миллиард, 500 миллион теңге несие алыпты. Енді осы қаржыға Ресейден 6 мың бас мал сатып алуды жоспарлап отыр. Қазір ауданда Сәтпаев ауылынан бөлек Құмкөл елді мекенінде 2 мың басқа арналған бордақылау алаңы салынып жатыр екен. Жақында Екпін ауылында 3 мың орындық бордақылау алаңы салынбақ. «Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасымыз Үкіметке отбасылық бордақылау алаңдарын көбейтуді тапсырған болатын. Бес жыл бұрын осында әкім болып келгенімде ауданда бірде-бір отбасылық мал бордақылау алаңының жоқтығына таңғалған едім. Тек үлкен кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында ғана болатын. Қарапайым тұрғындар жайлаудан түскен соң малын 80 мыңнан сата беретін. Мен осыны ұқпай: «Нағыз пайда табатын кезде неге ақ адал малдарыңызды арзанға бересіздер. Қораға жемге қойыңыз. Қазан, қараша, желтоқсан, үш ай үйде не істейсіз? Бордақылаңыз. 100 мыңдық малыңыз екі 200 жүз мың болады. Жарайды, 20 мыңды жемі мен шөбі деп шығарып тастаңыз. 80 мың пайда көресіз. Керек болса, қаңтар, ақпан, наурыз айларында қайта қойыңыз» дедім аудан тұрғындарына. Бұл – менің ашқан жаңалығым емес. Оңтүстіктегі тәжірибені айттым. Қазір Құдайға шүкір ауданда мыңға жуық үйде жанұялық бордақылау алаңдары бар. Бордақылау алаңдарының тағы бір пайдасы, баланы еңбекке баулуға болады. Мәселен, сіз үйіңізде 10 мал жемдесеңіз балаңызға «онның біреуі сенікі» деңіз. Жемін, шөбін салады, қарайды. Әрі кетсе 10 минут. 8 сағат жүрмейді ғой 10 малдың басында. Бір жағы сергиді, бір жағы еңбек етеді. Ұялы телефонға шұқшиып, телефонға телміргеннен гөрі қолына аша ұстағаны жақсы емес пе?! Оңтүстікте дәстүрге айналған осы мысалды Тарбағатайдың бір тұрғынына айтқан едім. «Үйімде 10 қой бордақылаймын. Бір қойдың ақшасын балама беріп жатырмын. Қазір малды қызығып қарайды», - дейді әлгі кісі бір жылдан кейін. Үшіншіден, бордақылау алаңдары ауылдағы жұмыссыздықты жоюға септеседі», - дейді аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі етті экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Министрлік ережесіне сүйенсек, ірі қара етін экспортқа шығаратын бір оператор болу керек. «Мәселен, төрт мың басқа арналған бордақылау алаңын салып жатқан «Ықыбай» шаруа қожалығы оператор болса, аудан халқының семіртілген малдарын қабылдап алады да бордақылайды. Малды өткізушіге бір келі ет үшін мемлекет 200 теңгеден төлейді. Демек, қарапайым тұрғындар бір қара малға 40-60 мың теңгеге дейін субсидия алады. Тиімді ме? Тиімді. Олар бұған дейін сатқан малына мемлекеттен субсидия алған жоқ болатын. Алдағы уақытта аудандағы операторға кезекке тұруы мүмкін», - дейді аудан әкімі.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу