- Қазақстан бізден бір бас жоғары екен. Ойын барысында біз оны анық байқадық. Сонымен бірге кейбір футболшыларымыз әдеттегідей жақсы ойнамады. Екінші тайм ортасында қызыл қағаз алып, тіпті 10 адаммен қалдық. Бұл одан сайын көңілімізді түсіріп жіберді.