Әлем • 17 Қазан, 2018

Армения президенті үкіметтің отставкасын қабылдады

52 реткөрсетілді

Кеше кешке Армения Президенті Армен Саркисян үкіметтің отставкасын қабылдады, деп хабарлайды Armenpress.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армян қоғамдық телевидениесіне берген сұхбатында отставкаға өтініш бергені туралы айтты. Кеше кешке Армения Президенті Армен Саркисян үкіметтің отставкасын қабылдады.

Премьер-министр Н.Пашинян отставкаға кетуі турасында France24-ке берген сұхбатында да айтқан болатын. Сұхбатта ол үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу мақсатында ел Парламентін тарату бастамасын көтеру үшін 15 қазанда отставкаға кететінін айтқан.

Айта кетсек, Армения парламентінің депутаттары 2018 жылғы 8 мамыр күні отырыста оппозиция көшбасшысы Николь Пашинянды елдің премьер-министрі қызметіне сайлаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, премьер-министр отставкасынан кейін Армения Президенті Үкіметтің отставкасын қабылдайды. Кейін жеті күннің ішінде Парламент фракциялары премьер-министр лауазымына кандидаттарды ұсынады. Премьер-министр Парламент отырысында депутаттардың даусы арқылы сайланады. Егер дауыс беру кезінде премьер-министр сайланбаса, жеті күннен кейін жаңа сайлау өткізіледі. Оған депутаттардың жалпы санының үштен бірі ұсынған кандидаттар қатысады. Ең көп дауыс жинаған кандидат жеңімпаз болады. Егер премьер-министр екінші рет өткізілген сайлауда да сайланбаса, Армения Ұлттық Жиыны (Парламент) таратылып, кезектен тыс парламент сайлауы өтеді. Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы биылғы желтоқсанда-ақ өтуі мүмкін. Айта кетейік, Арменияда осы жылдың 13 мамырында жаңа үкімет жасақталған еді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар