Аймақтар • 17 Қазан, 2018

Бірқатар нысанды аралады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Ерболат Мұқаев және Нариман Төреғалиев Елбасы Жолдауын өңір тұрғындарымен талқылау мақсатымен Батыс Қазақстан облысына келді. 

Бірқатар нысанды аралады

Сенаторлар Орал қала­сындағы бірқатар нысанды аралап, апатты үйлердің орнына мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында салынып жатқан жаңа үйлердің құры­­­­лы­сымен танысты. Апатты үйдің бірі – Гагарин көшесіндегі 12 пә­терлік екі қабатты көне ғи­марат еді. Бүгінде ол жерде то­ғыз қабатты 126 пәтерлік үй салынып жатыр. Ескі үй­дің тұрғындары жаңа үйге көші­ріліп, қалған пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін болады. 
Құрылыстың жай-жап­са­рымен танысқан Бірғаным Әй­­тімова тұрғын үйдегі ком­му­налдық шаруашылық жұ­­мыс­­тарын жүргізудегі мәсе­ле­лер қалай шешілетінін сұ­ра­­ды. Сауалға жауап берген қала әкімі Мұрат Мұқаев бұл үйге тұрғындар мен пәтер ие­ле­­рі кооперативінің өзара бай­ла­­­нысын жақсартып, ПИК-тер жұ­­мы­­сының ашықтығын қам­та­­­масыз еуге бағытталған «е-ПИК» жүйесі енгізілетінін айтты.

Бұдан соң депутаттар Құр­манғазы көшесіндегі №198 көп қабатты тұрғын үй құры­лысымен де танысты. Апат­ты үй орнына салынып жат­қан бұл үйдің пәтерлері «7-20-25» бағдарламасына қатысу­шы­лар­ға берілмек.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы