Қазақстан • 17 Қазан, 2018

Маман дайындаудағы маңызды қадам

225 реткөрсетілді

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірге «Білім беру сапасын қамтамасыз ету» бойынша ІІ Орталық Азия халықаралық форумын өткізді. 

Алқалы жиынның негізгі мақсаты – білім беру сапасын арттыру, аккредиттеу және рей­­тингілік зерттеулерді қамтамасыз ету жүйесін дамыту, халықаралық стандарттар бойынша білім беру, оқу бағдарламалары және білім алушыларды дайындау траек­ториясы сапасын арттыру, ең үздік практиканы талқылау мақ­сатында халықаралық үнқа­тысу алаңын құру.

Жиын барысында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов түлектердің білікті маманға айналуы мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі екенін тілге тиек етіп, бұл орайда елімізде атқарылып жат­­­қан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Елбасы жаңа Жолдауында жоғары оқу орындарының сапасын көтеру бойынша алдымызға үлкен міндет қойып, бірнеше тапсырма берген болатын. Осы бағытта Білім және ғылым ми­нистрлігі тиісті жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда Еуропадан, Қырғызстаннан, Франциядан, басқа да мемлекеттерден сарап­шыларды жинап, осы мәсе­лені талқылау үстіндеміз. Өйт­кені жоғары білімнің сапасын көтеру мәселесі өте өзекті та­қырыптардың бірі. Қазірдің өзінде бірнеше нормативтік құ­қық­тық құжаттарға министрлік тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Ең басты мәселенің бірі – түлектерді жұмысқа тұрғызу жайы. Біздің ойымызша, ЖОО-ның сапалы білім беріп жатқандығының бір­ден-бір белгісі жұмысқа тұр­ғызу көрсеткіші деп айтуға бола­ды. Егер ЖОО жақсы ма­ман да­­йын­дап жатса, әрине онда нарық түлектерді жұмысқа қа­был­­­дайтын болады», деді А.Ай­мағамбетов.

«Статистика бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектердің бір жылда қаншасы жұмысқа тұрады» деген журналистің қойған сұрағына вице-министр ең бастысы – мемлекеттік зейнетақы қорының көрсеткіші екенін айтты. «Бұл – ресми көрсеткіш. Егер түлектеріміз жұмысқа орналасатын болса, онда зейнетақы қорына төленетін қаржының көрсеткіштері болу керек. Сол көрсеткіштерге байланысты бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі қаншалықты шешімін тауып жатқанын байқай аламыз. Студенттердің жұмысқа орналасуы жөнінде мәліметті ЖОО-дан сұрайтын болсақ, олар түрлі анықтамаларды жинап алып, бізге бір мәлімет беруі мүмкін. Сондықтан, біз үшін ең бірінші жоғары оқу орындарының өздерінің ақпараты емес, ресми мәлімет, яғни зейнетақы қорына төлеп отырған көрсеткіштер ма­ңызды. Егер түлек жұмысқа орна­ласса, оның жалақысының 10 па­йызы зейнетақы қорына ауда­рылады. Сондықтан осы көрсет­кіштер арқылы шынайы ақ­па­рат­қа қол жеткізе аламыз», деді ол.

Форум жұмы­сына Мәжіліс депутаттары, Қырғызстан, Тә­жік­стан, Өзбек­стан, Ре­сей­дің Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, жо­ғары білім беру сапасын қамта­масыз ету халықаралық еуро­па­лық желілері, шетелдік акредиттеу органдарының өкіл­дері қатысты.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар