Бокс • 17 Қазан, 2018

Аргентинада үш боксшымыз финалға шықты

222 реткөрсетілді

Аргентинаның бас шаһары – Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдердің Олимпия ойындарына Қазақстаннан төрт боксшы ғана аттанған еді. Солардың үшеуі барлық қарсыластарынан басым түсіп, финалдық сайыста күш сынасу құрметіне ие болды.

Жартылай финалда канадалық Тетлуа Чуоляға шаң қаптырған аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбай ақтық сында ресейлік Алексей Дроновпен айқасады. Бұл жекпе-жекті барша жанкүйер тағатсыздана күтуде. Өйткені, үстіміздегі жылдың тамыз айының екінші жартысында Будапеште ұйымдастырылған жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалында қос қарсыластың жолы қиысқан болатын. Сол кезде қандасымыз қитұрқы ойынның «құрбаны» болды. Жай ғана тиген соққыға бола, рингтегі төреші  нокаут белгіліп, қазақ боксшысын жарыс жолынан шығарып тастаған еді. Енді Дамир бұл жолы өзінің мықтылығын дәлелдеуге тиіс.

91 келі салмақтағы Айбек Оралбайдың да шешуші тұстаға қарсыласы өзіне жақсы таныс. Ол алжирлік Мұхаммед Әмин Хасидпен күш сынасады. Қос былғары қолғап шебері Будапештегі әлемдік доданың жартылай финалында шеберлік байқасқан болатын. Ол тартыс жерлесіміздің пайдасына шешілген еді.

64 кило салмақ дәрежесіндегі Талғат Шәйкен жартылай финалда мароккалық Мұхаммед Булауджаның тас-талқанын шығарды. Төреші үшінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Енді Талғат финалда жастар арасындағы әлем бірінішлігінің күміс жүлдегері, ресейлік Илья Поповпен қолғап түйістіреді.

Ал жартылай финалда жеңіліс тапқан 75 келі салмақтағы Надежда Рябец қола медаль үшін таласады. Оның қарсыласы – Алжирдің өкілі – Ичрак Чаиб.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар