Аймақтар • 17 Қазан, 2018

Атырауда 2500 пәтер орталық жылу жүйесіне қосылады

145 реткөрсетілді

Атыраудағы Балықшы ықшам ауданының 2500 пәтері орталық жылу жүйесіне қосылады. Бүгінде 36 көп пәтерлі үйге жылу берілді, деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кеше Балықшы ықшам ауданындағы жаңа жылу энергетикалық кешенінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев  тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қалалық құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша, орталық жылу жүйесіне барлығы 53 үй қосылады, онда 2500 пәтер бар. Атырау қаласы Балықшы ықшам ауданындағы кварталішілік жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау шеңберінде жалпы ұзындығы 8 шақырым жер үсті магистральдық құбыры жүргізілді. Жылу желілері трассасының жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайды.

- Қазіргі таңда ықшам ауданның 36 тұрғын үйіне жылу берілді, барлық 53 үйді толық қосуды 20 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.

Жобалық - сметалық құжаттамаға сәйкес Балықшыдағы үйлер ЖЭО-ға тәуелді схема бойынша жылытумен және ықшам ауданның тарихында алғаш рет ыстық сумен қамтамасыз етілетін болады. Магистральдық жылу трассасы мен жылу пунктінің құрылысымен "Арал Сервис" ЖШС, кварталішілік жылу трассасы құрылысымен - "Гранд Мастер"ЖШС айналысты. Жоба 90% жергілікті бюджеттен  және 10% республикалық бюджеттен  қаржыландырылды. 

- Бүгінгі таңда жоба аяқталды, ол үш бөліктен тұрды, бірінші бөлім - магистральдық жылу желілері, екінші бөлім - орталық жылу пункті және соңғы тармақ. Бүгінгі күні орталық жылу пунктінің қуаты 15 мегаватт - ыстық суға, 15 мегаватт-жылуға, жалпы 30 мегаватты құрайды. Үш жобаның жалпы құны - 3, 3 млрд. теңге, - деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Тимур Басаров.

Балықшы кентінің тарихы 1937 жылдан бастап Атырау балық консервілеу комбинатының құрылуынан бастау алады. Осы уақытқа дейін кент тұрғындары үйде ыстық сумен қамтамасыз етудің және жылу берудің нашарлығынан үлкен қолайсыздықтар көріп келген болатын.

- Бұл үйлерде ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған су құбыры болған жоқ, ал көпқабатты үйлер газ қазандарымен жылытылды, олардың қуаты барлық үйлерді жылыту үшін жетпеді. Өткен жылдың күзінен бастап Атырау қаласының әкімдігі Балықшы ықшам ауданында жаңа жылу энергетикалық кешен салу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Қазіргі уақытта үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу аяқталуда. Енді осының арқасында Балықшы тұрғындарының үйлеріне жылу және ыстық су келеді, - деді Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.

Атырау облысының әкімі қарамағындағыларға Балықшы ықшам ауданындағы үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу бойынша барлық жұмыстарды аяқтауды, ақаулықтар мен апатты жағдайларды болдырмау үшін Балықшы ықшам ауданындағы үйлерді аралап шығуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар