31 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасының Заңдары

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Заңы

«Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1-бап. «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №17, 103-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) тақырыбындағы «бекіту» деген сөз «ратификациялау» деген сөзбен және мәтіндегі «бекітілсін» деген сөз тиісінше «ратификациялансын» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) «Бреттон-Вудсте» деген сөздер «1-бап. Бреттон-Вудсте» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) мынадай мазмұндағы 2-баппен толықтырылсын:

«2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 27 желтоқсан.   №519-ІV ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба) ратификациялау туралы

2011 жылғы 26 тамызда Астанада жасалған Қазақстан Респуб­ликасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба) ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 27 желтоқсан.   №520-ІV ҚРЗ