31 Желтоқсан, 2011

Елбасымен – ертеңге!

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар Мемлекет басшысының Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзіне үн қосады

* * *

АҚСАҚАЛДАР АЛҒЫС АЙТАДЫ

Біздің қоғамдық ұйым осыдан бірер жыл бұрын ғана құрылған еді. Оған  төмен­де­гідей жағдай себеп болды. Яғни, сонау тоқ­саныншы жыл­дар­дағы қиындық кезінде ауыл тұрғындарының қалаға қарай ағылып көшіп келгені белгілі. Соның ішінде кезінде ауылда түрлі қызмет атқарып зейнетке шыққан ардагер ақсақалдар да көп болды.  Ал қалаға келген соң өзім­ізді ешкімге керексіз сезіндік. Сонсоң қоғамнан тыс­қа­ры қалғанды жөн көрмей «Ақыл­дас­тар» деген атпен ауыл ар­дагерлерінің бірлестігін құрған едік.

Бүгінде заңды түрде тіркелген қоғамдық бірлестігіміздің 120-дан астам тұрақты мүшесі бар. Бір сөзбен айтқанда, қалаға өңіріміздің барлық жерінен келген ардагерлер қамтылған. Қала, ел өміріндегі оқиғалардан сырт қалып отырған жоқпыз. Жас ұрпақты отансүйгіштік сезімге бау­лу, ұлттар арасында достық пен бірлікке дәнекер болу, хал­қымыздың салт-дәстүрін насихаттау, мемлекеттік тілді дамытуға қолымыздан келгенше жәрдем­де­су және тағы басқа мәселелер басты назарымызда. Соны ескерген болар, қалалық әкімдік бірлестікті қызмет кабинетімен қам­та­масыз етті. Оның сыртында бірлестіктің 12 белсенді мүшесі мере­келік медальмен марапат­тал­ды. Соның бәрі қосыла келгенде көңілі­міз­ді көтеріп, өмірге құш­тар­лы­ғы­мызды арттыра түсуде.

Оның үстіне ел өміріндегі оң­ды өзгеріс-жа­ңа­лықтар жігерімізге жігер қосуда.  Оң­ды өзгеріс демекші, соның нә­ти­жесінде зейнет­ақы­мыз жыл сай­ын көтеріле түсіп келеді. Елбасымыз Тәу­ел­сіздіктің 20 жыл­ды­ғына орай сал­та­нат­ты жиында жа­са­ған баяндама­сын­да сонау тоқ­саныншы жыл­дар­дың ортасында зейнетақы мөл­шері небәрі 29 дол­лар құрағаны туралы айта келіп, қазіргі оңды өзгерістер туралы да айтты.

Міне, енді, жаңа жылдан зей­нетақы мөлшері тағы да тоғыз пайызға артып отыр. Сол үшін ақсақалдар Елба­сына ақ ал­ғыстарын айтады. Мынадай әлем­дік дағдарыс кезінде қарт­тарға ұдайы қамқорлық танытып келе жат­қан мемлекеттер көп емес. Соның бірі біздің ел екендігіне көңілің марқаяды. Сон­дық­тан тәубемізді ұмыт­пайық, ағайын деймін!

Сағындық БЕЙСЕНБАЕВ, «Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық  бірлестігінің төрағасы.

СЕМЕЙ.