31 Желтоқсан, 2011

Елмен бірге мерейлендік

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың салтанат­ты жиында сөйлеген сөзін ынта қоя тыңдадық. Иә, ауыз толтырып айтатындай нә­тие­­же де, басқа ел қызығатын табыстар да баршылық екен. Ел­басы өз баяндамасына тәуелсіздік алған 20 жылда қол жеткен көр­сеткіштерді саралап айтып берді. Жан басына шаққанда он мың дол­лардан астам табысқа қол жеткен екен. Ауыл шаруа­шы­лығы са­ласында да айтарлықтай нәтиже бар, бірақ қол жеткенді місе тұт­пай, мал тұқымын асыл­дандыру, ет пен сүтті өндіруде әлі көп істер атқару қажеттігі назардан тыс қалған жоқ.

Елбасының мерейлі мерекеде сөйлеген сөзін тыңдап отырғанда көз алдыма осыдан жиырма жыл бұрынғы қиындықтар мен проблемалар келді. Кенді Алтайда ең бірінші болып мен кеңшарды са­тып алып, өз бетімше тырбанып еңбек ете бастадым. Бұл 1988 жыл болатын. Нарық келгеннен кейін қыспаққа ала бастады. Тіпті, жабылудың аз-ақ алдында қал­дық. Ауыл шаруашылығын тара­тып жіберу оңай болғанымен, бар­лығын қайтадан бастауға тура келді. Ақыры біртіндеп қиын­дық­тар­ды түзей баста­дық. Несие алдық, бірнеше жыл бұрын көкөністі голландық тәсілмен егіп, өсіруді жүзеге асырдық. Жаңа техника, қажет­ті гербицидті пай­да­ла­нып, көкөністен жо­ғары өнім ала бас­тадық.

Қазір мен басқаратын шаруа қожалығында елуден астам адам еңбек етеді. Жалақыларын уақ­ты­лы төлеп тұрамыз. Қазақстанның соңғы жылдарда қол жеткен та­быстары шынында да мақтауға тұрарлық. Саммит өткізу, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету, Азия ойын­дарын­да топ жару кез келген дамыған мемлекеттердің қолынан келе бермейді. Елбасының абы­ройы артып, қазір бүкіл әлем жұрт­шылығы Қазақстанды тани бастады. Елдегі татулық пен ын­тымақ, бейбітшілік басты құнды­лықтарымыз болса керек. Алайда, жат пиғылды адамдардың ел тыныштығын бұзғысы келетіні, әркімді ойландыруы керек деген ойдамын. Кешегі Жаңаөзендегі жағдай, террорлық әрекет жаса­ғысы келгендердің болуы соның әрекеті емес пе. Ендеше, Қазақ­стан­ның гүлденуі үшін әрқай­сымыз үлес қоса берейік.

Төлеген ЕКІМБАЕВ, шаруа қожалығының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері. Шығыс Қазақстан облысы.