Әлем • 18 Қазан, 2018

Қытай: жасанды ай - жаңа жарық жүйесі

462 реткөрсетілді

Жақында ғарышты зерттеуге мол инвестициялар сала бастаған Қытай ғарыш әлеміне жасанды Ай жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Түркияның NTV жаңалық арнасы.

Қытай үстіміздегі жылы жарық жүйесіне жаңалық енгізу мақсатында ғарышқа жасанды ай жібереді. Зерттеу нәтижелері бойынша, жасанды ай 80 километрге дейінгі аумақты жарықтандыра алады. Жасанды жарық құрылғысы Қытайдың оңтүстігіндегі Чэнду қаласына орналастырылады. Чэнду Авиация білім және технологиясы микрэлектроника жүйесін зерттеу институтының басшысы Ву Чуньфэн жобаның 2020 жылы толықтай жүзеге асатынын айтты.  Бұдан басқа, мемлекеттің 2025 жылға дейін «Ай обсерваториясын» салу, 2050 жылға қарай Марсқа адам жіберу сынды жоспарлары бар. Экономикасы күннен күнге қарыштай түскен мемлекеттің 2016-2020 жылдарға арналған «ХІІІ 5 жылдық жаңғыру» жоспарында ғарыш мәселесін алдыңғы қатарға қоюы басқа мемлекеттердің де қызығушылығын тудыруда.

Қытай Ғарыш ғылымы және технология институтының (CASC) деректеріне сәйкес алдағы үш жылда мемлекет алғашқы ғарыш станциясының құрылысына барынша назар аударатын болады.

«Чжан-4» ғарыш кемесі жылдың соңына дейін айдың қараңғы бөлігіне қонып, келесі жылдан бастап «Чжан-5» ғарыш кемесі ай бетінің нұсқаларын алып келеді деп жоспарлануда.

Марсты, қара құрдымды зерттеуге бел буған мемлекеттің бұдан бөлек жаһандық спутникті навигация жүйесі бағдарламалары да бар.

Естеріңізге салсақ, Қытай 2003 жылы 15 қазанда ғарышқа адамсыз зымыран жіберген Кеңес үкіметі мен АҚШ-тан кейінгі үшінші мемлекет болатын.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар