Аймақтар • 18 Қазан, 2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

57 реткөрсетілді

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, ҚР Денсаулық сақтау, Білім және ғылым вице-министрлері мен комитет басшыларынан құралған Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық ақпараттық-насихаттық тобы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өткізді.

Аймақтың әлеуметтік-өндірістік нысандарының жұмысымен танысты. Облыс активімен кездесуде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Жолдаудағы тапсырмалардың облыста қалай орындалып жатқандығын тарқатып берді. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жолдаудың міндеттері бойынша водомстваның атқарған жұмыстары жайлы баяндады.

- Мемлекет басшысы Жолдауында негізгі басымдықтарды айқындап берді. Оның ішінде полиция қызметінің құрылымын жаңғырту, оны жаңа деңгейге көтеру туралы нұсқау берілді. Себебі, қоғамдық қауіпсіздік бәрінен де маңызды болып табылады. Қазіргі таңда көп істер атқарылды, бірақ ішкі істер органдарының жұмысында әлі шешілмеген мәселелер бар, сондықтан әлде де атқаратын жұмыстар көп, - деді ҚР Ішкі істер министрі.

Жиында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева мен Білім және ғылыми вице-министрі Асхат Айтмағамбетов өз салалар бойынша айтылған мәселелерді талдап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Бұдан соң ақпараттық-насихаттық топ өңірдегі нысандарды аралап, халықпен кездесулер өткізді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бірге барайық: Тегін тігін курсы

Қазақстан • Бүгін, 16:11

Ораза кестесі 2019

Қазақстан • Бүгін, 15:10

Жайбарақаттық жарға жықты

Қоғам • Бүгін, 10:34

Екі тал үкі

Бүгін, 10:26

Жастар театрының сәтті сапары

Руханият • Бүгін, 10:20

Áke kerek... uldarǵa

Қоғам • Бүгін, 10:10

Ұқсас жаңалықтар