Күрес • 18 Қазан, 2018

Венгрияға баратын балуандар белгілі

82 реткөрсетілді

Қазанның 20-28-і аралығында Венгрияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалауын көтереді. Осыған байланысты Қазақстан құрамасының бапкерлері дүниежүзілік додада ел намысын қорғайтын балуандардың есімін жариялады.

Еркін күрес – Нұрислам Санаев (57 кг), Қуат Әміртаев (61 кг), Дәулет Ниязбеков (65 кг), Амандық Бәкеев (70 кг), Болат Сақаев (74 кг), Бақтияр Ізбасаров (79 кг), Әділет Дауланбаев (86 кг), Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 кг), Ермұхамед Іңкәр (125 кг);

Қыздар күресі – Валентина Исламова (50 кг), Жұлдыз Эшимова (53 кг), Марина Седнева (55 кг), Эмма Тисина (57 кг), Алтынай Сатылған (59 кг), Аяулым Қасымова (62 кг), Екатерина Ларионова (68 кг), Жәмила Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг);

Грек-рим күресі – Жансерік Сәрсенбиев (55 кг), Айдос Сұлтанғали (60 кг), Айдын Нұғымаров (63 кг), Мейіржан Шермаханбет (67 кг), Демеу Жадыраев (72 кг), Тамерлан Шадукаев (77 кг), Мақсат Ережепов (82 кг), Азамат Құстыбаев (87 кг), Әлімхан Сыздықов (97 кг), Мансұр Шадукаев (130 кг).

Әлем чемпионатын алғашқы болып еркін күрес балуандары бастайды. Одан кейін бозкілемге бойжеткендер шықса, жарысты грек-рим күресінің шеберлері аяқтайды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар