Аймақтар • 18 Қазан, 2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

467 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда Yessenov University қабырғасында "I Халықаралық Есенов оқулары" өтуде. Оқу аясында тұсауы кесілген Есенов университеті бас корпусының алдында орнатылған 2 Станция аталмыш оқу ордасының ғалымдарының еңбегімен жасақталған. Олардың толық зарядтау циклі небәрі 3 сағатты құрайды. Электромобильдер университеттің ішкі пайдалануы үшін алынған.

Маңғыстауда  алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

Оқу ордасындағы іс-шараға 2007 ж. Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Кумар Пачаури, Путра университетінің (Малайзия) коммуникациялық технологиялар және желі кафедрасының, компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры Мохамед Бин Отман құрметті қонақ болып қатысты.

Есенов оқулары "Рухани жаңғыру" бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру аясында өткізіледі. Студенттер мен жас ғалымдар үшін "Цифрлық Қазақстан: Ақпараттық жүйелер және энергетика", "Каспий конвенциясы: аймақтың саяси-құқықтық даму үрдістері" және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциясы, сонымен қатар университет студенттері үшін "Yessenov University үздік стартап жобасы" байқауы өтеді.

Шара барысында Yessenov University ректоры Берік Ахметов аймақ басшысына және қонақтарға аударылмалы сынып технологиясын таныстырды. Бұл оқу орнының студенттері дәрістерге келмей, барлық сабақтарды Интернеттегі арнайы арнадан көре алады. Дәрістің орнына олар семинарларға қатысып, үй тапсырмаларын тәжірибе жүзінде орындай алады.

Сонымен қатар, қонақтар ситуациялық орталықты аралап көрді. Оған студенттердің сабаққа қатысуы туралы, олардың үлгерімі туралы барлық ақпарат шығарылады әрі оқу орнының барлық ғимараты бойынша орнатылған 400 камераның көмегімен университеттің қауіпсіздігі бойынша жағдай бақыланады.

"I Халықаралық Есенов оқуларының" екінші күні мұнайшы-геолог Халел Өзбекғалиевтің 90 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері және "Yessenov University үздік жас ғалымы "атты байқау өтеді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар