Президент • 18 Қазан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

196 реткөрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығы (WTCA) басқармасы төрағасының орынбасары Рольф Драакпен және «Nest Investments HOLDINGS» компаниялар тобының корпоративтік қызметтер жөніндегі директоры Мехран Эфтехармен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қауымдастық пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, соның ішінде Қазақстанға әлемнің ірі корпорациялары мен қаржы институттарын тарту, еліміздің халықаралық іскерлік белсенділік орталығы ретіндегі рөлін арттыру, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесінің ғимараттар кешенін көрмеден кейінгі кезеңде пайдалану мәселелерін талқылады.

Халықаралық сауда орталықтарының қауымдастығы (WTCA) – жаһандық сауда мен инвестицияны дамытуға ықпал ететін халықаралық саяси емес ұйым. Дүниежүзілік сауда орталықтары өзара бір желі арқылы байланысқан және онда дәстүрге сай «Eni», «Лукойл», «Panasonic», «J.P. Morgan», «Bank of New York» және әлемнің басқа да ірі корпорацияларының офистері орналасқан.

Кездесу Брюссель қаласында Қазақстан – Еуропа бизнес-форумы алаңында өтті.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар