Қазақстан • 18 Қазан, 2018

Егемен академиясында Қайнар Олжай дәріс оқиды

917 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен академия» оқу-тәжірибелік жобасының екінші маусымындағы екінші дәрісін журналист Қайнар Олжай оқиды. 

Егемен академиясында Қайнар Олжай дәріс оқиды

Алғашқы дәрісті Америкадағы Гарвард университеті, Кеннеди басқару мектебінің түлегі Шыңғыс Мұқан жүргізген еді. Екінші дәрісті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист журналист Қайнар Олжай оқиды. 

Қайнар Қалиақпарұлы Олжай 1958 жылы 29 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. 

«Мың бір мақал», «Деген екен», «Солай болған», «Тіл», «Сөзмерген», «Ілік септігі», «Келбет» т.б бағдарламалардың, 15 сериялы тарихи-деректі «Бірінші» телефильмінің авторы. 1994 жылы «Президент пырағы», 2007 жылы «Қара нары қазақтың», 2008 жылы «Атамыз - Аласанбай», 2010 жылы «Қанат байлаған қазақ» кітаптары жарыққа шықты.  Жақында Қ. Олжайдың «Қой баққан қиын» атты деректі романы оқырман қауымға жол тартқан.

Журналистикада дара жол қалыптастырсам дейтін жас өрендерді, болашағын қаламмен байланыстыратын болашақ тілшілерді және мақала жазудың қыр-сырын меңгерсем деген талапкерлерді дәрісімізге шақырамыз! Сондай-ақ, сабағымызды әлеуметтік желідегі парақшада онлайн көруге мүмкіндік бар екенін еске саламыз.