Аймақтар • 22 Қазан, 2018

Павлодарда орманшылар жануарлардың азығын дайындауда

759 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі» мекемеге қарасты  Павлодар, Жаңаауыл, Чернорецк, Ямышев, Черное және Көктөбе орманшылықтары бар.

Павлодарда орманшылар жануарлардың  азығын дайындауда

Мақсат − өңірдегі орман қорын қорғау, сақтау, ағаштарды өсіру,  жануарлар әлемін қорғау, олардың өсімін көбейтуге үлес қосу.

Биыл  өңірде  «Экология жылы» деп жариялағанды. Осы бастамаға орай  облыс орталығына қарасты орманшылықта  9,5 гектар жерге қарағайлар отырғызылды. Орманшылар  жаңа  егілген  қарағайларды жаз бойы күтіп, баптапты. Орманшылықтар  қарауындағы 9799 гектар жерді күтіп, баптайды, күзетеді.  Өрттен, заңсыз ағаш кесушілерден, аң аулаушылардан  қорғайды. Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемеге қарасты аумақта аң аулауға тыйым салынған.

Сондықтан, дейді орманшылар, - жергілікті әкімдік, төтенше жағдай, жергілікті полиция, орманшылық басқармасынан құралған облыстық штаб құрылса деген ұсыныс айтады.

Орманшылар  заңсыз ағаш кесу, орман өртінен басқа, орманды мекендейтін жануарларды  қорғауға шақырады. Ағаш арасында жабайы доңыз, ешкі, түлкі мен қоян, басқа да жануарлар бар. Қазір орманшылар жануарлардың азығын дайындауға кірісіп кетіпті.

− Жануарларға қыс кезінде қардың астынан азық табуы қиын. Сондықтан, биотехникалық шаралар аясында 300 келі тұз, ағаш бұтақтарынан буып жасалған 1600 дана азық, 6 тонна шөп дайындалды. Күзде жауыннан, қыста аяздан, бораннан қорғайтын күркелер жасалды. Аңдардың азығына лайықты кесілген ағаштардың діңгектері ойылып, арнайы астаулар ілініп, жем-шөп  салынады, дейді орманшылар.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар