Қаржы • 24 Қазан, 2018

Сенат комитетінде 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер қаралды

234 реткөрсетілді

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар қаралды, деп хабарлайды Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.

2018 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы нақтыланып, негізгі сценарийде 2018 жылы мұнайдың бағасы баррель үшін 55 АҚШ доллардан 60 АҚШ долларға дейін артты.

2018 жылғы номиналды ЖІӨ 58 242,9 миллиард теңге көлемінде бағаланады, бұл 2017 жылғы сәуірде мақұлданған көрсеткіштен салыстырмалы түрде 1 036,2 миллиард теңгеге жоғары. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 9 114,2 АҚШ долларын құрады. ЖІӨ нақты өсуі өзгерген жоқ және 103,8 пайызды құрап отыр.

Экспорт бойынша болжам 2,6 миллиард АҚШ долларына ұлғайған және 56,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. Импорт көлемі 917,5 миллион АҚШ долларына төмендей отырып, 33,2 миллиард АҚШ долларына дейін түзетілген.

2018 жылға арналған республикалық бюджеттің кірістер болжамы (трансферттер түсімінсіз) өзгеріссіз қалып, 5 718,2 млрд. теңгені құрап отыр. Трансферттер түсімі 15,0 миллиард теңгеге ұлғаюмен жалпы сомасы
2 933,5 миллиард теңге көлемінде көзделген. 

Республикалық бюджет шығыстары нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 12,6 миллиард теңгеге ұлғаюмен 9 655,5 миллиард теңге сомасында көзделген.

Мемлекет басшысының еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылысты өзгерту, Шымкент және Түркістан қалаларының әкімшілік мәртебелері туралы Жарлығын іске асыруға байланысты 29,7 миллиард теңге бөлінеді.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған жекелеген тапсырмаларын орындау мақсатындағы шаралар 39,4 миллиард теңгемен қаржыландырылады.

Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Жолдаулары мен бұрын қабылданған міндеттемелері аясындағы тапсырмаларын іске асыруға 44,5 миллиард теңге бағытталады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің  нақтыланған болжамы 2018 жылы жоспардағыдан 1 133,0 миллиард теңгеге ұлғаюмен 3 138,1 миллиард теңге сомасында белгіленді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар