Қазақстан • 25 Қазан, 2018

Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамотасын тапсырды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Литва Республикасындағы Елшісі Виктор Темирбаев Литва Президенті Дале Грибаускайтеге сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамотасын тапсырды

Литва мемлекетінің қайта құрылуының 100-жылдық мерейтойына орай Президент Н.Назарбаевтың құттықтауын жеткізе отырып, В.Темірбаев Қазақстан мен Литва арасындағы сенімді әріптестікті жалғастыратын және көптараулы қазақстандық-литвалық ынтымақтастықты одан әрі дамытатын Астананың айнымас бағытын атап өтті.

Литва Президенті өз кезегінде, 2011 ж. Қазақстанға жасаған сапарын жылы лебізбен еске түсіріп, литвалық жастарды 2018 ж. жазда Қарағанды облысына экспедициясын өткізуіне орай қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Кездесу барысында тараптар, екіжақты қатынастар мен халықаралық проблематиканың өзекті мәселелерін талқыға салып, транзиттік-көліктік әлеуетті одан әрі дамыту, «жаңа экономика», ауыл шаруашылығы, білім беру мен медицина салаларындағы кең ауқымды перспективаларға жіті көңіл бөлді.

Литва басшысы Д. Грибаускайте Президент Н. Назарбаевтың Қазақстанның серпінді әлеуметтік-экономикалық түрленуіндегі және жаһандық қауіпсіздік құрылымын нығайтудағы рөлін жоғары бағалады.

Д. Грибаускайте литва тарапының екі мемлекет үшін басым салаларда Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі арттыра түсуге дайын екенін құптап өтті.