Аймақтар • 25 Қазан, 2018

Қостанай облысында пара алған  прокурор  қамауға алынды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таран ауданының прокуроры Мейірхан Шалабаев пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Қостанай облысында пара алған  прокурор  қамауға алынды

Мейірхан Шалабаевқа қатысты санкция бойынша ол 2 ай мерзім күзетпен қамауда отыратын болады.Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. М.Шалабаевтың ісі ауыр құқықбұзушылық жасады деген күдікпен, ҚК 2 бөлім, 366 бабы (ірі көлемде пара алған) бойынша қаралатын болады.

Бұдан бірер күн бұрын Бас прокуратураның сайтында ведомствоның ішкі тексеру депармаментінің қызметкерлері Таран ауданының прокуроры Шалабаевты кәсіпкерге жалпы қорғаушы болатыны үшін 750 мың көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай