Аймақтар • 25 Қазан, 2018

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазақша КВН ойындары өтті

471 реткөрсетілді

Ақтөбеде 23-24 қазан аралығында облыстың ең үздік командаларының қатысуымен тұңғыш рет сыбайлас жемқорлық тақырыбында жоғары лига жартылай финалдық ойындары өтті.

Ақтөбе облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, жастар саясаты басқармасының және «Қазақстан КВН одағы» облыстық филиалының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына және Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған сайыста 7 команда бақ сынасты.

«Коррупциясыз болашаққа» деп ұрандатқан С. Байшев атындағы құрама, «Осал емес», «Феномен», «35 ойшылдары», «Сөз жоқ», «Дежавю», «Жұбанов құрамасы» атты командалар ел дамуына кесірін тигізетін індеттің қоғамда алатын орнын, онымен қалай күресу қажеттілігін көрермендерге әзіл арқылы жеткізуге тырысты.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисеновтың айтуынша, бұл шара Елбасы жолдауында аталып өткен сыбайлас жемқорлықтан ада өңірге айналу жолында іске қосылған «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасы аясында өткізілуде.

«Біз өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруда ерекше рөлін ескере отырып, бүгінгі шараны ұйымдастыруды ұсындық. Сол арқылы қоғамда, елімізде, әлемде белең алып отырған өзекті мәселені көтеріп, ащы әзіл арқылы әр азаматқа жеткізгіміз келеді»,- деді Р.Бисенов.

Ойын нәтижесінде  жоғары лига жартылай финалдық ойындарының жеңімпазы болып «Сөз жоқ» командасы танылып, Ақтөбе облысы жоғарғы лига чемпионы атағына ие болды.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар