Қазақстан • 25 Қазан, 2018

«Богатырь» ЖШС көмірге тапсырыс берушілердің сұранысын орындады

243 реткөрсетілді

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ні «Самұрық-Энерго» АҚ пен ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқарады. Компания «Богатырь» және «Северный» кеніштерінде көмірді ашық әдіспен өндіреді.

Жалпы, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның баланстық қоры 2,75 млрд тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты-жылына 42 миллион тонна көмір өндіру, соның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша 32 миллион тонна, «Северный» кеніші бойынша  10 миллион тонна.

Бұл күндері Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның кенішінде жоспарланған 29 778 мың тоннаның орнына  32 556 мың тонна көмір өндірілді.

Еліміздегі  «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисінің  бізге жолдаған баспасөз мәліметінің хабарынша,  көмір  өндіруші компания  32 869 мың тонна көмір жөнелткен, яғни, тиелген көмірдің 80 процентке жуығын өңірлердегі кәсіпорындарына жіберілген.

2007 жылы құрылған еліміздегі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру, электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату, энергетикалық көмір өндіру болып табылады.

Сонымен бірге, «Богатырь Көмір» ЖШС-ы көмірі өңірлердегі коммуналдық-тұрмыстық салалардың, ауылдардағы әлеуметтік нысандардың қазандықтары үшін де қысқы жылыту маусымына жөнелтілуде.

Коммуналдық-тұрмыстық салалар нысандарына жіберілетін көмірді  тиеп-жөнелту жоспары  25 қыркүйекте аяқталды. Осы уақытқа қарай көмірді жеткізу көлемі 1 037 мың тоннаны құрады. 

Нәтижесінде, көмір өндіретін екібастұздық компания 2018-2019 жылдары жылу маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердің барлық сұранысын орындады.

Компанияның негізгі тұтынушылары қатарында: «Екібастұз ГРЭС-1», «Екібастұз  ГРЭС-2» стансалары»  Алматы және Степногор ЖЭО,  «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), «СевКазЭнерго» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), «Көкшетау жылу» МКК, «Павлодарэнерго» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС (Теміртау қаласы) сияқты қазақстандық  компаниялар, және ресейлік компаниялар: Рефтинск, Троицк ГРЭС-тері бар.

Екібастұз көмір кеніштерінде өндірілетін бүкіл көмірдің 60 пайызы және  елімізде өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 40 пайызы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның үлесіне тиесілі.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар