Қазақстан • 25 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні атап өтілді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастар сарайында өткен салтанатты шарада  облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев осы саланы дамытуға үлкен үлес қосқан бір топ адамға құрмет грамота мен алғыс хат тапсырды.

Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні атап өтілді

Өңірде  әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар ойдағыдай орындалып келеді. Кешенді жұмыстардың нәтижесінде  жыл басынан бері 20 мың адам тұрақты еңбекке тартылып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жарты мың азаматқа қолдау көрсетілді. 3,5 мың адам пәтермен қамтамасыз етілсе, 5 мың адамға оңалту көмектері берілді. 

Раушан Ыбыраева, Гүлбақыт Манабаева, Елена Перова, Роза  Раджапова секілді еңбек майталмандары «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісіне ие болса, Айыртау аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік мекеме» республикалық байқауының өңірлік жеңімпазы атанды. Салтанатты шара мерекелік концертке жалғасты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы