Спорт • 25 Қазан, 2018

Алексей Луценко «UCI Asia Tour» додасында үздік деп танылды

150 реткөрсетілді

Биыл «UCI Asia Tour» додасына қатысқандар арасында 26 жастағы жерлесіміз Алексей Луценко үздік деп танылып, халықаралық велоспорт одағының жаңартылған рейтингінде көш бастады.  

Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы және құрлық чемпионы атанып, бірқатар халықаралық додаларда түрлі жүлделерге ие болған қазақстандық велошабандоз бұл жолы 655 ұпай жиып, барлық қарсыластарынан едәуір қара үзіп кетті. Жоғарыда аталған рейтингте екінші орынды Бенджамин Дибэлл иеленді. Австралияның өкілі 517 ұпайды еншіледі. Үшінші орында – Артем Овечкин. Ресей спортшысы 484 ұпайды қоржынға салды.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы ұлттық рейтингте де көш бастады. Біздің команда 1611,25 ұпайды олажалады. Екінші және үшінші орындарда – Жапония (1581,73) мен Гонконг (945,02).    

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар