Әлем • 28 Қазан, 2018

Қазақстанға саяхаттайтын еуропалықтардың үштен бір бөлігі – поляктар

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польша туризм саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Дәл осы сала еуропалық мемлекетке миллиондаған еуро пайдаға кенелтіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанға саяхаттайтын еуропалықтардың үштен бір бөлігі – поляктар

Соңғы мәліметке қарағанда, туризмнің үлесі Польшаның жалпы ішкі өнімінің 6 процентін құрайды. Бұл секторда 700 мыңға жуық адам еңбек етеді. Қазақстан үшін де туризмді дамыту – басты бағыттардың бірі. Бұл туралы ел Президенті өзінің халыққа Жолдауында атап өтті. Поляк туроператорлары еліміздің шипажайлы орындарының әлеуеті жоғары екенін айтып, ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіріпр отыр. Олардың дерегіне сүйенсек, қазақ жеріне саяхаттайтын еуропалықтардың үштен бір бөлігі – поляктар. 

Павел Нивядомски, Поляк туристік палатасының президенті:

– Туризмді дамыту үшін бізде арнайы бағдарламалар дайындалып, жүзеге асырылды. Қазір әлемнің көптеген елдерінде Польшаның туристік кеңселері жұмыс істейді. Біз тұтынушыларға алуан түрлі туристік өнімдер ұсынып келеміз. Ал Қазақстанға келетін болсақ, Варшава-Астана тікелей әуе рейсі ашылғаннан бері сіздің елге барушы поляк саяхатшылары 30 процентке артты.