Президент • 31 Қазан, 2018

Елбасы Мемлекеттік хатшыны қабылдады

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы Мемлекеттік хатшыны қабылдады

Кездесу барысында Мем­ле­кет басшысына Қазақстан Пре­зи­денті жанындағы консуль­тативтік-кеңесші ор­ган­дардың қызметі туралы мәлім­делді, сондай-ақ ұлттық және мем­лекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұ­мыс­тарын сапалы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Г.Әб­ді­­қа­­лы­­қова мемлекеттік награда­лар және Әдебиет пен өнер сала­сын­дағы Қазақстан Респуб­ли­­ка­сының Мемлекеттік сый­лы­ғын беру жөніндегі комиссия­лар­дың жұмысы туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.