Медицина • 31 Қазан, 2018

Оңалту орталығы интернет арқылы кеңес береді

289 реткөрсетілді

Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге көмектесуге арналған «Солнечный мир» оңалту орталығы «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық жобасы аясында тегін интернетке қосылды.

«Солнечный мир» қоғамдық қоры­ның негізін Даун синдромына байланысты даму ерекшелігі бар балалардың бір топ белсенді ата-ана тобы қалап, ор­тақ проблемаларымен бөліскен олар кейінірек балаларға медициналық және психологиялық көмек беретін осы орталықты ашқан болатын. Әр от­басының өз проблемасымен жеке күрескеннен гөрі ортақтаса отыра синдроммен туған балаларға қоғамның назарын аударып, бір жағынан бір-біріне моральдық тұрғыдан қолдау көрсетудің аса қажеттігін сезіндірген орталық бара-бара жүргізетін жұмыстарының ауқы­мын кеңейте түсті. Ата-аналарға әлеуметтік қорғау және бейімдеу қыз­меттері курс ретінде өткізіліп, біржолғы тегін кеңес көрсету қолға алынды. Әлеу­меттік маңызы бар осындай жұмыстар атқарумен бірге «Солнечный мир» ба­лалардың дамуында маңызы бар, оларға шаттық сыйлайтын мәдени және спорттық іс-шаралар алаңына айналды. Мәселен «Солнцекросс» шарасы аясында қазақстандық әртістер өнер көрсетіп, балғындарға баға жетпес қуаныш сыйлайды. Орталық ашылғаннан бергі бір жарым жылда оңалту курсынан 250 бала ем алды. 

Жуырда «Beeline» компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында орталық жұмысында жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Осыған дейін бір қала аумағында көмек беріп келген «Солнечный мир» оңалту орталығының мамандары бұдан былай Қазақстанның барлық аймағына кеңес беруге мүмкіндік алды. «Бұл – ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға үлкен көмек», дейді «Солнечный мир» қоғамдық қорының құрылтайшысы Мария Федорова. 

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасына қатысушылар тізімінің толығуы туралы «Beeline Қазақстан» өкілі Рауан Қабдырахимов «Бұл жобамен айналысып жүргенімізге төрт жылдан ас­ты. Осы жылдарда Қазақстанның бар­лық жеріндегі мектептер, оңалту ор­талықтары, кітапханалар интернетке қосылды. Назарымызды аударған жиырма бес ұйым бүгінде заманауи технологиялардың арқасында көптеген жетістікке жетіп отыр. Енді «Солнечный мир» орталығы да бізбен бірге. Орта­лықтың педагогтарына, ата-аналарға тау­сылмас төзім мен қажыр-қайрат, барлық балаға денсаулық тілейміз. Интернет қосылған соң, орталықтың жұмысы бұрынғыдан да жемісті болатынына сенімдіміз», деді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар