Енді ата-аналар жаңа жүйе бойынша бала бақшаға кезекті өздері қадағалап, бос орынды біліп отыратын болды. Кезекке тұру және өзі қалаған бала бақшаға жолдама алу арнайы сайт арқылы жүзеге асады. Ол үшін бала мен ата-ананың бірінің ЖСН, сонымен қатар хабарлама мен кодты алу үшін ұялы телефон номерін жазса жеткілікті.
«Бүлдіршіндерді бала бақшаға алудың реті түбірімен өзгерді. Жеті жасқа дейінгі балаларды бала бақшаға орналастыруды автоматтандырудың мемлекеттік қызметі үшін қалалық білім бөліміне үлкен қаржы – 17 миллион теңге бөлінді» дейді Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Василий Цымбалюк.
Жаңа жүйе 1 қазаннан бастап жұмыс істей бастады.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай