Британияның әскери базаларында жұмыс істейтін фермерлер аралдың 3% аумағын иемденген.
«Қазіргі таңда салық мөлшері өте үлкен. Ұлыбритания Еуроодақтан шыққан соң қосымша салықтарды төлей алмаймыз. Әрі қарайғы жағдайымыздың қандай боларын Кипр үкіметі мен Сыртқы істер министрлігі не Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі түсіндірмеді», дейді фермерлер.
Саяси сарапшылардың айтуынша, Егер Лондон мен Брюссель «Брексит» бойынша келісімге келе алмаса, онда бұл фермерлердің өнімдеріне ЕО-дан тыс өндірушілер үшін көзделген жоғары кедендік баж салығы салынады.