Коньки спортынан әлем кубогының алғашқы кезеңі 14-18 қараша аралығында Жапонияның Обихиро қаласында өтеді. Айтулы жарыста Қазақстан командасының құрамасы сапында мына спортшылар өнер көрсетеді:
500 метр – Станислав Палкин, Артем Крикунов
1000 метр – Денис Кузин, Иван Аржаников, Станислав Палкин
1500 метр – Демьян Гаврилов
5000 метр – Дмитрий Морозов, Виталий Щиголев
Командалық жарыс – Дмитрий Морозов, Демьян Гаврилов, Виталий Щиголев
Командалық спринт – Артем Крикунов, Станислав Палкин, Федор Мезенцев және Иван Аржаников.
Ал әйелдер арасында өтетін жарыста тек бірқатар халықаралық турнирлердің жүлдегері, үш бірдей Олимпия ойындарына қатысушы Екатерина Айдова ғана өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, былтыр әлем кубогының кезеңдік сайыстары төрт айға созылып, бұл бәсекелер Херенвен (Голландия), Ставангер (Норвегия), Калгари (Канада), Солт-Лейк-Сити (АҚШ), Эрфут (Германия) және Минск (Беларусь) қалаларында өтті. Қазақстандық конькишілер арасында сол жарыстарда ең үздік нәтижеге дәл осы Екатерина Айдова қол жеткізді. Ол 1000 метрлік сайыста 131 ұпай жиып, 12 орынға табан тіреген болатын.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»