Спорт • 31 Қазан, 2018

Биыл допингпен 30 спортшы ұсталды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ұлттық допингке қарсы орталығы рұқсат етлімеген дәрі-дәрмектерді пайдаланған спортшылардың есімдерін жариялауда. Жыл басынан бері осындай келеңсіз жағдайға 30 жерлесіміз душар болды деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Биыл допингпен 30 спортшы ұсталды

Допингті ең көп қолданғандардың көшін муай-тай спортының өкілдері бастап тұр. Жекпе-жектің осы түрін серік еткен 8 жерлесіміз түрлі мерзімге спортан шеттетілді. Олар – Намик Нефталиев (мельдоний), Фарух Гусейнов (мельдоний), Дмитрий Зуев (оралтуринабол, фуросемид), Николай Самусев (оралтуринабол, фуросемид), Аян Тажанов (оралтуринабол, фуросемид), Қазыбек Сағындықов (фуросемид), Жәнібек Қанатбаев (мельдоний) және Вадим Лопарев (мельдоний). 

Екінші және үшінші орындарда – жеңіл атлетика мен ауыр атлетика. «Спорт падишасы» өкілдері арасынан Тошәлі Әлиқұлов (мельдоний), Юлия Рахманова (метастерон), Евгения Фондюшина (сибутрамин), Александр Лях (метилгексанамин), Игорь Кондратьев (метилгексанамин) және Вероника Брославская (мельдоний), ал зілтеміршілер қатарынан Еркебұлан Айдынұлы (метандиенон), Владимир Седов (станозолол) және Роберт Карнаухов (нандролон, кломифен) келеңсіз жағдайға тап болды.

Сондай-ақ жуырда су добы шебері Александр Годованюк,  (оралтуринабол), самбошылар Абзал Әбілдашев (дростанолон, метандиенон, тренболон, станозолол) пен Азат Добаиев (фуросемид) және пауэрлифтинг шебері Аслан Кориговқа (тестостерон) да қатаң жаза қолданылғаны белгілі болды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»