Қазақстан • 31 Қазан, 2018

Қостанайда жастар үйі болады

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайда жастар үйі болады

Бұл жөнінде аймақаралық «Jas Qosta» ақпараттық лагері жұмысына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев мәлімдеді. Облыс жастары креативтік бастамарарымен және қызықты жобаларымен ерекшеленіп келеді. Облыста «Қостанай облысының алтын жастары» жобасы ерекше, баламасы аз жұмыс болып табылады. Оған өмірдің түрлі салаларында табысқа жеткен жастардың есімі алтын әріппен жазылады. Бүгінге дейінгі 12 жылда 95 жастың аты жазылды.

«Біз келесі жылы облыс орталығынан жастардың өз ғимараты болса деп білеміз. Онда жастар ісі жөніндегі басқарма мен өзге де ұйымдар, жастардың ресурстар орталығы орналасады. Арнайы концерт залы болады. Сонда жастарға қатысты шаралардың барлығы жинақы әрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады, ең бастысы өзекті мәселелердің шешімі үшін жасалатын жұмыстар да сапалы жүретін болады» Марат Қонысбайұлы. Бұл жоба жөніндегі жұмыс басталып та кетті.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай