Қазақстан • 31 Қазан, 2018

Зейнетақы қорының 2019 жылғы комиссиялық сыйақысы азайтылды

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының 2019 жылға арналған комиссиялық сыйақысы азайтылды. Бұл туралы бүгін «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы мәлімдеме таратты.

Зейнетақы қорының 2019 жылғы комиссиялық сыйақысы азайтылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының 2019 жылға арналған шамасы:

1) инвестициялық табыс сомасының 5,0 пайызы;

2) зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызы көлемінде бекітілді.

Осы арада еске сала кету керек, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы: инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.

Жоғарыда көрсетілген шамалар 2014 жылдан бері талай рет азайтылды және көрсетілген шамалардан 2019 жылға қарай:

–   инвестициялық табыс сомасынан 33 пайызға (2014 жылы – 7,5%);

–   зейнетақы активтерінен 40 пайызға (2014 жылы – 0,025%) төмен.

Бұған Қордың бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, көрсетілетін қызметтердің барлық дерлік түрін электрондық форматқа ауыстыру, көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі ішінде олардың үлесін арттыруды жүргізу нәтижесінде қол жеткізілді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ