Қоғам • 01 Қараша, 2018

Жол картасы әзірленді

495 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан және Ресей Денсаулық сақ­тау министрліктері арасында теле­­ме­­ди­цина­лық технологияларды қол­д­а­­на отырып Медициналық көмек көр­сету­дің бірлескен жүйелерін құру және дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.

Жол картасы әзірленді

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ел­жан Біртановтың айтуы бойынша бұл құ­жат­қа қол қою қазақстандықтардың өмір сүру сапасы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

«Біз телемедицина саласында ынты­мақ­тас­тық туралы меморандумға қол қой­дық. Бұл біздің министрлік үшін басты ба­ғыт­тардың бірі. Биылғы Елбасы Жол­да­уы халықтың табыстарына, әлеумет­тік мәр­те­бесіне, қолжетімді сапалы білім бе­ру мен денсаулық сақтауға баса назар ау­да­рыл­ған әлеуметтік-бағытта болды. Елба­сы ме­дициналық-санитарлық алғашқы кө­мек­ті да­мытудың қажеттілігін ерекше атап көр­­сетті, шығындарды арттыру бо­йынша тап­сыр­ма берді. Бұл медициналық қызмет­кер­­лердің еңбекақысын көтеруге қатыс­ты. Цифр­­ландыру және қағазсыз меди­ци­наға кө­шу жөнінде тапсырма берілді. Біз бұл ба­ғыт­­та қар­қынды жұмыс істеудеміз», деді Е.Біртанов.

Медициналық қызмет көрсетудің отан­дық нарығында ресейлік компаниялар да бар.

«Ел нарығында бізді ақпараттық жүйе­лер­­мен қамтамасыз ететін ресейлік компаниялар бар. Біз қазір дәстүрлі телемедицинаны емханалар мен ауруханалардан тыс жерлерде халықты белсенді оқытумен, онда медицина­лық қызметкерлер мен пациенттердің технологияларын пайдалану арқылы кеңейтуді көздеп отырмыз. Сондықтан бұл меморандум оң серпін беретініне сенімдімін», деді министр.

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова ынты­мақтастық бойынша қазақстандық әріптестердің ұсыныс­тарын қолдады. 

Жалпы, тараптар денсаулық сақтау мен телемедицинаны цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу, телемедициналық технологияларды қолдана отырып, медициналық көмек көрсету үшін жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында мә­­лі­меттер алмасудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу бойынша ынтымақтасуға ниетті. Ме­морандумды орындау үшін Қазақстан және Ресей Денсаулық сақтау министрліктері ара­сындағы денсаулық сақтау саласындағы ын­тымақтастықтың негізгі бағыттарын дамыту бойынша жол картасы әзірленді.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан