Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, түскі 13:41 шамасында өрт сөндіру қызметінің кезекші пультіне Жетісу ауданы, Москвин көшесі 7 мекенжайындағы ғимарат өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 5 минутта жетті. Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатыр.
«Оқиға орнында 21 техника, 6 өрт сөндіру көлігі, 78 адам, жұмылдырылды. Өрт 15:05-те ауыздықталды. Тілсіз жау 2950 шаршы метр аумақты шарпыды», - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен. Алдын ала ақпарат бойынша өртенген ғимаратта қоймалар орналасқан.