Аймақтар • 04 Қараша, 2018

Солтүстік Қазақстанға тропикалық құстар мен экзотикалық жануарлардың көрмесі келді

1120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Махачкала қаласынан келген тропикалық құстар мен экзотикалық жануарлардың көшпелі көрмесін облыс тұрғындары бір ай бойы алаңсыз тамашалай алады.

Солтүстік Қазақстанға тропикалық құстар мен экзотикалық жануарлардың көрмесі келді

«Біздің тәлімбақта құстар мен жануарлардың екі мыңнан астам түрі бар. Өте сирек кездесетін түрлерін алып келдік», дейді көрмені ұйымдастырушылардың бірі Петр Затолокин.

Балдырғандардың көбі  Мадина есімді  браза маймылы төңірегінен айналшықтап шықпайды.  Әр қылығын қызық көреді. Негізінен Бразилия елінде кездеседі. 60 жасқа дейін өмір сүреді. Майна есімді қараторғай Индия елінде киелі құс саналады екен. Тамақты таңдап,талғап жейді. Азығы Германиядан арнайы әкелінетін көрінеді. Балақайлардың бәрі  3 метрлік жыланның жанына жақын баруға тәуекел ете бермейді. Ала питоннның салмағы 20 кило. Айына бір рет қоянмен азықтандырса жеткілікті. Көбіне батпақты жерлерде тіршілік етеді.

Адамша сөйлеп, 1500 сөзге дейін жатқа айтатын тотықұстың жасы төртте. Есімі-Гоша. Елі–Америка.  Қүтімі келіссе, 20 жылдан артық өмір сүреді.Тропикалық құстар мен жануарлар көрмесіне үш жасқа дейінгі балалар тегін кіре алады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы