Аймақтар • 04 Қараша, 2018

Маңғыстауда «Бизнестің жол картасы-2020» қарқынды жүзеге асып жатыр

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының 4 - бағыты аясында өңірлік кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдеріне қаржылық емес қолдау көрсетіп келеді.

Маңғыстауда «Бизнестің жол картасы-2020» қарқынды жүзеге асып жатыр

2014 жылдан бастап бағдарлама бойынша аймақта кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қызмет көрсету,

аудандарда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары туралы хабардар ету, бизнес мектебіндегі білім беру жобалары, «Іскерлік қатынастар» жобасы,

 «Аға синьорлар» жобасы сынды бағыттарды  100 мыңға жуық қызметтерді ұсынды.

-Елбасы Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Бұл - қуанарлық жайт. Палатаның осы уақытқа дейін жасап келген игі істері одан әрі жалғасып, кәсіпкерлер шарапатын көреді. Жаңадан кәсіпорындар ашылып, кейбір өндіріс ошақтары кеңейеді. Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Ү.Меңдалиева. 

-Осыдан 6 жыл бұрын отбасылық кәсіп аштық. Көрпе-төсек тігетін цехты кеңейту мақсатында биыл «Бизнестің жол картасымен» 6 млн теңге несие алдық. Басқұдық ауылында кәсібіміз өркендеп, мемлекеттің қолдауына ие болып отырмыз. 7 адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Енді ағаш шеберханасын ашуды көздеп келеміз. Ұлттық нақыштағы сандық, бесік сияқты бұйымдарды жасап шығарсақ дейміз, дейді кәсіпкер Қ. Рысмағамбетов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар