Қазақстан • 05 Қараша, 2018

Ақтөбе ақындары мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етіп жатыр

272 реткөрсетілді

Ақтөбеде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында көпшілікке кеңінен танымал ақындар Индира Кереева және Гүлжайнар Қалдинаның қатысуымен шығармашылық кеш өтті.

Сонымен қатар,кешке жазушы және айтыскер, қазіргі уақытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин және облыстың мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің санасын жаңғыртуға, ұлттық рухты нығайтуға және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған поэзиялық кеш С. Бәйішев атындағы облыстық кітапханада өтті.

Кеште шығармашылық қайраткерлері өздерінің өлеңдері мен шығармашылық жұмыстарын тыңдаушылар назарына ұсынды.Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлерге жазушылардың мәдениеті және шығармашылық өнерімен жақын танысуға мүмкіндік берді.

«Жалпы бұл керек дүние. Кеш барысында мемлекеттік қызметшілер өздерін басқа қырынан көрсетіп, өлең оқып, поэзияға жақын екендіктерін байқатты. Тіпті кейбіреулері арнайы сұранып та келген. Кеш соңында қатысушылардың кеткісі келмегендігін байқадым. Бұл дегеніміз не? Бір жағынан бұл сұраныстың жоғарылығы болса, екінші жағынан мамандардың бос уақытының болмауына байланысты рухани шөлдеп қалғанын білдіреді. Өз басым осындай кештерді жиі өткізу қажет деп ойлаймын», - деді И. Кереева

Сонымен қатар, ақындар қоғамда өзекті мәселеге айналған патриотизм, елге деген сүйіспеншілік сұрақтарын көтеріп, түрлі пікірлер мен идеяларды ұсынды.

Кеш соңында тыңдаушылар қатысушыларға, әсіресе ұйымдастырушыларға ерекше ризашылықтарын білдірді.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Иесіз зындан. Дидар АМАНТАЙ

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар