Аймақтар • 05 Қараша, 2018

Павлодарда 45 азамат таңдаулы десанттық-шабуылшы әскері қатарына алынды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығында  күзгі әскерге шақырылу шарасы өтуде. Таңдаулы де десанттық шабуылшылар қатарына алынған болашақ сарбаздарды павлодарлықтар салтанатты түрде шығарып салды.

Павлодарда  45 азамат таңдаулы десанттық-шабуылшы әскері қатарына алынды

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің  хабарынша, өңірден аттанып бара жатқан  45  жас жігіті енді 29108 әскери бөлімінде  қызмет етеді. Әскери бөлім Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінде орналасқан. Бөлім 1999 жылы құрылған. Әскери қызмет - абыройлы іс. Сарбаздар сапын толтырған жас азаматтар Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратындығына сенім мол.

Әскерге аттанғандар арасында Екібастұздағы Тау-кен техникалық колледжінің түлегі Айболат Шекерхан да бар. Айболаттың ата-анасы  шығарып салды.

- Әскерден аман-есен оралсын деп күтеміз. Ұлымыздың денсаулығы жақсы, әскер қатарына да мықты балалар керек қой, дейді анасы  Қибат апай.

Еліміздің Қорғаныс министрлігінің таңдаулы десанттық-шабуылшы әскері қатарына алынатын жастарға ерекше талап қойылады. Болашақ сарбаздың денсаулығы мықты, бойының ұзындығы 175 см-ден кем болмауы тиіс. Сондықтан,сарбаздар алдағы 1 жылда әскери борыштарын өтеп, одан соң келісімшарт бойынша әскери қызметтерін жалғастыруға  да құқылы.

Әскерге шығарып салуға арналған салтанатты кеште болашақ сарбаздардың құрметіне арнап жергілікті өнерпаздар әндер арнады.

 Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар